Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды. №3 перзентханадан шыққан медициналық көлік реанимацияға қарай бет алған. Алайда Трудовая және Әшімов көшелерінің қиылысында Toyota көлігінің жүргізушісі ескерту белгілері бар жедел жәрдем көлігіне жол бермеген. Тізгінде болған жүргізуші әйел жауапкершілікке тартылды. Оған қатысты алдын алу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - дейді қалалық полиция Департаменті. Тәртіп сақшылары көлік тізгіндеушілерге жедел тапсырмаларды орындайтын көліктерге жол беру тек заң талабы емес, адам өмірінің мәселесі екенін ескертеді.
Қуан Нұрақын
