Е.Досаев: Жол жөндейтін мердігерлерге талап күшейеді
Алматыда жол жөндейтін мердігер компанияларға бақылау күшейтіледі. Себебі тұрғындар тарапынан шағым көп. Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев айтты. Яғни енді жолдағы асфальт ойылса, сол күні кешке дейін қалпына келтірілуі тиіс. Қазіргі уақытта кей мердігер компаниялар жол жабындылары мен техниканың жеткіліксіздігін алға тартып, келісімшартта көрсетілген міндеттемелерді елемейді. Бұдан кейін мердігерлерге талап пен бақылау қатаңдатылады деді қала әкімі.
Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:
Біз бекіткен ереже мен тәртіп бар. Тұрғындар тарапынан да шағым көп. Енді әр аудандық әкімдік шұңқырларды жөндейтін компаниялардың жұмысты сапалы әрі уақытылы жасауын жіті бақылайды. Бұдан кейін жолдағы шұңқырлар күні бойы ойылып, ашық жатпайды.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қ.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына сапары қалай өтті?
07.09.2025, 20:38

Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
07.09.2025, 20:34
Мектеп асханасына қандай стандарт енгізілді?
07.09.2025, 20:19
Талғардағы қылмыс: Әрекетсіздігі үшін полицейлердің үстінен іс қозғалды
07.09.2025, 20:13
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36
Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19