Ассамблеяның үздік жобалары әлемге таныстырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ассамблеяның үздік жобалары әлемге таныстырылады

19.04.2025

«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің 15 өкілі мамыр айында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтеріне аттанады. Бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығы аясында ұйымдастырылмақ.

«Ассамблея жастары» төрағасы Тимур Жұмырбаевтың сөзінше, бірлестік 2 жылдан бері ЮНЕСКО ұйымымен тығыз байланыс орнатып келеді. Ал мамыр айындағы сапар осы байланысты нығайта түспек, себебі кездесуде отандастарымыз Ассамблеяның үздік жобаларын таныстырып, әлемдік тәжірибеде пайдалануды ұсынбақ.

Тимур Жұмырбаев, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы:

Ассамблея институтын дамыту – ұлтаралық қатынасты нығайтудың жарқын көрінісі. Сондықтан біздің тәжірибемізді көпшілік білсе, оны пайдаланса дейміз. Ал жастар қоғамның белсенді азаматы ретінде сол алаңда біздің институтты таныстырады деп жоспарлап отырмыз.


Ақниет Балтанова 

Хабарламаларға жазылу