Қосылған құн салығының өсуі – мемлекеттік бюджеттің кірісін арттыратын оң фактор. Бұл өзгеріс тек қазынаға түсетін қаржыны ұлғайтып қана қоймай, шағын және орта кәсіпкерлікке де оң ықпал етеді. Экономистердің пікірі осы.
Қостанайлық Айдар Бейсембаев 20 жылдан бері киіз үй, жиһаз жасаумен айналысып келеді. 30-ға жуық жұмысшысы бар. Кәсіпкер ҚҚС шағын бизнеске міндеттелмегенін айтады.
Айдар Бейсембаев, кәсіпкер:
Ал енді үкімет тағы көмектеседі деп жатыр ғой. Салықты енді міне, қосымша құн салығын алып тастайды деп, қуаныштымыз, енді дұрыс болса, бәрі ойдағыдай.
Қосылған құн салығының 16%-ға өсуінен бюджетке қосымша 2-2,5 трлн теңге түседі деген болжам бар. Экономистердің айтуынша, бұл қаражат әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға, инфрақұрылымды дамытуға және мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыруға жұмсалмақ.
Қажыкелді Шамбыл, экономист:
Мемлекеттік бюджетке қосымша пайда. Ол енді сөзсіз оң фактор болып табылады. Мемлекеттік бюджет үшін қосылған құн салығын өсіру – көп жағдайда табыстылығы жоғары, рентабельдігі жоғары ірі немесе орта бизнестің белгілі бір салаларына қатысты және заңда да сол көрсетілген.
Сарапшылардың айтуынша, бұл өзгеріс-салық жүйесінің әділеттілігін арттырып, салық базасын кеңейтуге ықпал етеді.
Динара Жарқынбек
