Интерпол «НеМолчи» қорының негізін қалаушы көпшілікке Дина Таңсәрі деп танылған Динара Смаилованың Черногорияда жүргенін анықтады. Бірақ оны экстрадициялау мүмкін болмай тұр. Бұған қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады. Динара Смаилованы құзырлы орган бізге беру туралы сауал жолдаған.
«Қазіргі таңда Қазақстан мен Черногория арасында іздеудегі адамдарды беру туралы халықаралық келісім жоқ, сол себепті Динара Смаилованы экстрадициялау мүмкін болмай отыр. Соттың қабылдаған шешіміне қарамастан Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары оны қылмыстық жауапқа тарту бойынша жұмысты жалғастырады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ оның үстінен 6 қылмыстық іс қозғалғанын, яғни алаяқтық, жеке өмірге қол сұғу және жалған ақпарат тарату баптары бойынша күдікке ілінгенін еске салды.
Ақниет Балтанова
