Абай облысы Приречный ауылындағы өрт оқшауланды
Семейдің іргесіндегі Приречный ауылындағы өрт оқшауланды. Тұрғын үйлерге қауіп жоқ. Төрт күн бойы 1 гектар аумақта жанған шемішке қауызының қалдықтарын қазір тазалап жатыр. Эвакуацияланған тұрғындар түгелдей үйлеріне оралды. Тілсіз жаудың кесірінен 2 қора мен 43 тонна шөп жанып, бір тұрғын үйдің шатыры отқа оранған. Сондай-ақ, «Приречный» агрофирмасына тиесілі қоймалардың 400 шаршы метр шатыры күлге айналды. Оны толық сөндіру үшін мамандар жұмысты жалғастыруда.
Елдос Санатов, Жедел штаб бастығы:
Дәл қазір ауыл тұрғындарына қауіп жоқ. 14-сәуір күні өрт сағат 18:00-де оқшауланды. Қазір көздеріңіз көріп тұрғандай ешқандай жану жоқ. Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті жұмыс атқарып жатыр. Қазір территория ішінде 300 шаршы метр жасырын түрде шемішке жануы бар. Бірақ біздің жеке күштеріміз жұмыс атқарып жатыр.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшыларымыздың жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы көрсетуде
08.09.2025, 18:03

Қарағанды облысында «Табиғатты қорғайық!» атты экологиялық квест өтті
08.09.2025, 18:01
Петропавлдағы Ұлттық Ұлан курсанттары ант берді
08.09.2025, 17:58
Атырау мұнай өңдеу зауытына 80 жыл
08.09.2025, 17:55
БҚО-да «Қарызсыз қоғам» жобасына 17 мыңдай адам қатысқан
08.09.2025, 17:49
Елімізде 102 қызметі ЖИ арқылы жұмыс істеуі мүмкін
08.09.2025, 17:42
Қытайда «Тапа» дауылы соқты
08.09.2025, 17:39
Израильде автобус аялдамасында атыс болды
08.09.2025, 17:37