Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу және олардың ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы бірнеше колледжде ашық есік күні ұйымдастырылып, дебаттық турнир, жәрмеңке өтті. Ашық есік күнінде мектеп оқушылары білім ордаларының материалдық-техникалық базасымен танысып, аспаз, кондитер, наубайшы және мейрамхана ісі мамандығы бойынша шеберлік сағатына қатысты. Еңбек династиясы, үздік шеберлер мен еңбек ардагерлері туралы шағын сюжеттер тамашалап, мамандардың ақыл-кеңесіне қанықты. Жұмысшы мамандардың кәсіби білігін шыңдайтын шеберханаларды аралап көрді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 40 колледж жұмыс істейді. Оның 12-сі мемлекеттік болса, қалғаны жекеменшік негізде маман дайындап келеді.
Жайсана Мұсылманқұл, оқушы:
Колледжге өте қатты қызығып отырмын. Себебі, өзім 6 кластан бастап аспаздыққа, үйде тәттілер пісіруге қатты қызығамын. Сол себепті жүрек қалауымды кәсіптік тұрғыда шыңдағым келеді.
Ғани Қалмаханов
