Шымкентте студенттер үйі құрылыс талаптарына сай соғылмаған
Шымкентте 500-ге тарта студент тұрып жатқан жатақхананың орналасуы сәулет құрылыс талаптарына сай емес. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің тексерісі кезінде ғимарат сол маңдағы көпқабатты тұрғын үйге тым жақын салынғанын анықтаған. Осыған байланысты министрліктің нұсқамасымен жергілікті билік тарапынан берілген жоспарлау құжаты мен эскиздік жобасының күші жойылды. Дегенмен, тараптардың дауына әлі нүкте қойылған жоқ. Бұған дейінгі екі сот отырысында кәсіпкердің іс-әрекеті дұрыс деген шешім шығарылды. Енді әкімдік сотқа қайта шағым түсірмек.
Арман Әбдешов, Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:
Қазіргі негізі қашықтық 9 метр, ал Тұрғын үй шарушалығы комитеті бізге айтып жатқаны 15 метр боуы керек. Сіздерде бұл жерде заң бұзушылық бар, СНИП-ке сәйкес емес деп нұсқаманы солай беріп отыр.
Мерлан Керімжанов, Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы:
Кәсіпкердің біздің ғимарат бұзылатын болды деп студенттерге қайта-қайта үгіт-насихат істеп жүргені дұрыс емес. Себебі бұзу жөнінде ешқандай мәселе қаралып жатқан жоқ. Тек қана құжаттардың рәсімделуін дұрыс пайдалану, қолдану арқылы жүзеге асырылатын дүние.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшыларымыздың жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы көрсетуде
08.09.2025, 18:03

Қарағанды облысында «Табиғатты қорғайық!» атты экологиялық квест өтті
08.09.2025, 18:01
Петропавлдағы Ұлттық Ұлан курсанттары ант берді
08.09.2025, 17:58
Атырау мұнай өңдеу зауытына 80 жыл
08.09.2025, 17:55
БҚО-да «Қарызсыз қоғам» жобасына 17 мыңдай адам қатысқан
08.09.2025, 17:49
Елімізде 102 қызметі ЖИ арқылы жұмыс істеуі мүмкін
08.09.2025, 17:42
Қытайда «Тапа» дауылы соқты
08.09.2025, 17:39
Израильде автобус аялдамасында атыс болды
08.09.2025, 17:37