«Заң мен тәртіп өзіңнен басталады». Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне осындай тақырыпта дәріс оқыды. Жиында заңдылық қағидаттары, құқық қорғау органдарының ашықтығын қамтамасыз етіп, азаматтардың сенімін нығайту мәселелері сөз болды. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және қызметтік ортада жауапкершілікті арттыруға бағытталған шаралар туралы айтылды. Кеңесте құқық қорғау органдары қызметкерлерінің адалдығын тексеруге арналған арнайы жүйе аясында ынтымақ мәселелері де қаралды. Мамандардың айтуынша, бұл әдіс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақытылы анықтауға және ашықтық, жариялылық пен сенім қағидаттарына негізделген кадрлық саясатты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Арман Рахимов, СЖҚІҚ Агенттігінң Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысы:
2024 жылы 9 қылмыстық іс сотқа жолданған болатын 15 қызметкерге қатысты, биылғы тоқсанда жалпы 3 қылмыстық іс қозғалуда. Негізі Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықтың азаюының оң үрдістері байқалуда.
Жазира Оразқызы
