Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімшарт заңнамасы түзетіле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімшарт заңнамасы түзетіле бастады

09.04.2025

Бұдан былай барлық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімшарт тек конкурстық негізде жасалады. Ал жобаларды жоспарлау мен іріктеу үдерістері толықтай цифрлық форматқа көшірілді. Бұл туралы орталықтың Басқарма төрағасы Аслан Қалиғазин айтты. Қазір тиісті заңнамаға түзетулер енгізіліп жатыр. Бұл инфрақұрылымдық жобаларды тиімді жүзеге асыруға жол ашпақ. Сондай-ақ құжатта мемлекеттік сатып алуды айналып өтуді болдырмау мақсатында инвестициялық және пайдалану кезеңдерін іске асыру бойынша міндетті талаптар белгіленген. Бұдан бөлек 2028 жылға дейінгі жоспар бойынша білім, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қорғау салаларында 43 жоба жүзеге асырылмақ. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу