23 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуына жол берілмеді. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы айтты. Сондай-ақ Жанат Элиманов соңғы жылдың жұмыс нәтижесінде 300 қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталғанын, зардап шеккен азаматтарға 20 млрд теңгеге жуық өтемақы қайтарылып, қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың 2 млрд теңгеден астам криптовалюта түріндегі қылмыстық табыстары бұғатталғанын айтты. Ұйымдасқан 6 қылмыстық топ жойылды. Бұдан бөлек, 24 қаржы пирамидасы жойылып, алаяқтық схемаларын таратқан 5 мыңнан аса сайт бұғатталған. Есеп соңында Мемлекет басшысы заңсыз иеленген активтерге қарсы күресті жалғастыруды, көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуды, халықтың қаржылық сауатын арттыруды тапсырды.
Ақниет Балтанова
