Түркістан облысында қызғалдақты жұлған тұрғын 12 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін. Қызыл кітапқа енген гүлді теріп алып, көлігіне салған әйелдің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Заңды бұзған азаматшаның Шымкент қаласының тұрғыны екенін анықталды. Ол дала гүлдерін Ордабасы ауданы Ұялыжар ауылы маңындағы алқапта жинаған. Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы дәл осы алқапта қызғалдақтарды жұлып, суретке түскен 22 жастағы бойжеткенге 9 млн теңге айыппұл салынған болатын.
Айнұр Әбілқасым
