Елімізде еуроға сұраныс артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде еуроға сұраныс артты

04.04.2025

Елімізде еуроға деген сұраныс артты. Бұл туралы ranking.kz хабарлады. Олардың есебінше биыл қаңтар-ақпан айларында 68 млрд теңгеге еуро сатылған. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 1,5 есе көп. Ұлытау облысынан басқа барлық өңір халқы қолындағы қаржысын осы валютада сақтауға көшкен көрінеді. Көш басында ірі мегаполистер тұр. Астаналықтар 25 млрд, алматылықтар 17 млрд, ал шымкенттіктер 6 млрд теңгеге еуро сатып алған. Еуропа ақшасының теңгеге шаққандағы бағамы да жыл сайын қымбаттап барады. Бүгінде 1 еуро шамамен 540 теңгеге саудаланып жатыр. Экономистер еуроға сұраныстың артуы, бағамы мың құбылып тұрған долларға халық сенімінің азаюымен байланысты, дейді.

Ернұр Медет 

Хабарламаларға жазылу