Жылдық инфляция 10 пайыздан асуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жылдық инфляция 10 пайыздан асуы мүмкін

04.04.2025

Биыл елімізде жылдық инфляция 10 пайыздан жоғары болады. Ұлттық банк ұсынған макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша сарапшылардың пікірі осыған саяды.

Бағаның өсуі күтіп болжағандай 8,7 пайыз емес, одан әлдеқайда көп. Тіпті жыл соңына қарай 16 процентке жетуі мүмкін. Қаңтарда ғана азық-түлік 5,8 пайызға, өзге тауарлар 8 жарым процентке қымбаттаған. Ал ақылы қызметтердің құны шамамен 14 пайызға жуық көтерілді. Енді бұл баға одан бетер шарықтауы мүмкін.

Экономистер мұны жаһандағы геосаяси жағдайлардың салдары деп есептейді. Әлемде түрлі санкциялар көбейді. Соның кесірінен тауар тасымалы қиындап, қымбатшылық қысты. Мемлекеттер арасындағы бұрынғы байланыстар үзіліп, сырттан келер тауарлар шектелді. Экономисттер көрпеге қарап көсілетін кез келді деп отыр.

Қажыгелді Шамбыл, экономист:

Қазіргі таңда бағаның өсуімен бірге базалық мөлшерлеме де өсіп жатыр. Яғни жұрттың алып жатқан кредиті де, бөліп төлеу де қымбаттайды деген сөз. Мұндай жағдай бір нәрсені бөліп төлеумен аламын, тиімді, ақшасын 1 жыл төлеймін дейді. Ал бір жылдан соң басқа тауарлар қымбаттап кетеді. Сондықтан қазіргі жағдайда кредитке мүлде жоламау керек.

Ернұр Медет 

Хабарламаларға жазылу