Биыл 2 айда көлік апатынан 17 бүлдіршін көз жұмды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілідері мәлімдеді. Ал 1230 бала дене жарақатын алған. Жол апатының басым бөлігі – жылдамдықты арттыру салдарынан болған. Енді жылдамдықты асырған жүргізушілерге салынатын айыппұл көлемі 2 есеге көбейді. Құқық бұзғандар бұрынғыдай 78 мың тг емес, 157 мың тг төлейді. Егер 1 жыл ішінде заңсыздық қайталанса, жаза көлемі 200 мың тг-ден асады. Сондай-ақ мамандар ата-аналарға балалардың жолдан жүріп өтуін жіті қадағалау керектігін ескертті. Егер заң бойынша ата-ана жауапсыздығы анықталса, жазаға тартылуы мүмкін.
Қайсар Сұлтанбаев, ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:
Жазғы демалыс кезінде ата-аналарға да ескерту жасағым келіп отыр. Елімізде әрбір 4-жол-көлік оқиғасы балалардың қатысуымен жасалады. Жыл басынан бері балалардың қатысуымен 1 мыңнан астам жол-көлік оқиғалары тіркелді. Онда 17 бала қайтыс болды және 1 жарым мыңға жуық кәмелетке толмағаны жарақат алды.
Динара Жарқынбек
