Кәсіпқой боксшылар салмақ өлшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпқой боксшылар салмақ өлшейді

04.04.2025

Ертең Астанада кәсіпқой бокс кеші өтеді. Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгемен жұдырықтасады. Қазір былғары қолғап шеберлері салмақ өлшеу рәсіміне қатысып жатыр. Сол алаңда жүрген әріптесім Темірлан Нұржанұлы бізбен тікелей байланысқа шығып тұр. 

Спортшылардың салмақ өлшеуі басталды немесе басталмады. Қазір тарихи сәтті тамашалау үшін жанкүйерлері жиналып жатыр. Кеше ғана дәл осы жерде баспасөз маслихаты өткен еді. Боксшылар БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Ал бүгін былғары қолғап шеберлері салмақ өлшеу рәсіміне қатысып жатыр. Боксшылар белгіленген салмақ дәрежесіне сай болуы керек. Ал басты жекпе-жекте жұдырықтасатын Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссенге 72,6 келі салмақта бақ сынасады. Сайыс 5 сәуір күні, яғни ертең «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді. Кәсіпқой бокс кешін «Қазақстан» және «Қазспорт» арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Темірлан Нұржанұлы

Хабарламаларға жазылу