Перизат Қайрат ісі: Келтірілген шығын 35 млрд ₸ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перизат Қайрат ісі: Келтірілген шығын 35 млрд ₸

04.04.2025

Перизат Қайрат ісі бойынша тергеу аяқталды. Келтірілген шығын көлемі 3,5 млрд теңге деп есептеліп отыр. Қайырымдылық қорының құрылтайшысына қатысты қылмыстық іс материалдары 100 томнан асты. Мұқтаж жандарға қол ұшын созамыз деп елді алдаған азаматтың анасы да күдікті деп танылды. Өйткені ол халықтан жиналған қаражатты анасы Ғайни Алашбаеваның есепшоттарына аударып отырған. Кейін оларды қымбат бұйымдарға, киім-кешекке, жиһаз бен саяхаттарға және басқа да шығындарға жұмсаған. Күдікті 16 жеке кәсіпкермен металдан жасалған киіз үйлер, қайықтар мен етіктерді жеткізу жөнінде жалған келісімдер жасасқан. Алайда мұның ешқайсысы да іс жүзінде орындалмаған, - дейді қаржы мониторингі агенттігі мамандары.

Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:

Ұрланған қаражатқа 4 автокөлік, 4 пәтер, 2 автотұрақ орнын, үй, жер телімін және ғимарат сатып алынған. Сондай-ақ жалпы құны 158 млн теңге болатын зергерлік бұйымдар, аяқ киім және сөмкелер тәркіленді. Жалпы құны 865 млн теңгені құрайтын қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салынды. Ғ.Алашбаеваға қатысты үй қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу