Басты Жаңалықтар Павлодарда ата-аналардан заңсыз ақша жинаған емдеу орталығы жабылды

Павлодарда ата-аналардан заңсыз ақша жинаған емдеу орталығы жабылды

Сал болып туған балаларды емдейтін Павлодардағы «Самал» орталығы ата-аналардан заңсыз ақша жинаған. Мұны прокуратура анықтады. Алаяқтық фактісі бойынша келтірілген шығын көлемі 7,6 млн теңге. Ал әкімшілік орталыққа берілген ғимаратты жалға беруге құжат әзірлеп жатыр. 30 жылдан бері жұмыс істеп келген орталықта жүзге жуық адам ем қабылдайды. Осы уақыт ішінде мыңдаған жеткіншек өз бетінше қоғамдық ортада жүріп-тұруға бейімделген. Соған қарамастан орталық жабылатын болды.    

Болат Аманбай

Бөлісу