Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғандар қылмыстық жауапқа да тартылады
Былтыр көші-қон заңнамасын бұзған 468 мың шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 37 мыңы елден шығарылып, 5 жыл Қазақстанға кіруге тыйым салынған. Ішкі істер министрлігінің өкілдері былтыр шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 3800 жұмыс берушіге 335 миллион теңгеге айыппұл салынғанын айтты. Ал жыл басталғалы 24 мыңнан аса шетелдік заңды бұзған. Сондай-ақ 800 жұмыс берушіге өзге елдің азаматтарын заңсыз жұмысқа тартқаны үшін 650 миллион теңге айыппұл салынды. Мұндай деректер көбіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды және Түркістан облысында тіркелген.
Аслан Аталықов, ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы:
Енді осы жерде мүмкіндікті пайдалана отырып, жұмыс берушілерге айтарым, егер олар шетелдік жұмыс күшін заңсыз бірнеше рет пайдаланса, әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілікке де тартылады. Өткен жылы біз осындай 7 фактіні тіркедік. Биыл тағы да 8 заңсыз жұмыс беруші қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 6 спортшымыз келесі кезеңге өтті
11.09.2025, 10:21

Таза қала – бәрімізге ортақ жауапкершілік
11.09.2025, 10:20
Жолдау: Жасанды интеллект – жаһандық бәсекенің жаңа алаңы
11.09.2025, 10:18
Қандастар: Атажұрттағы әр жетістікке қуанамыз
11.09.2025, 10:14
Астанада «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 23 мектеп бой көтерді
11.09.2025, 10:13
«Ауыл» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді
11.09.2025, 10:11
Цифрландыру – заман талабы
11.09.2025, 10:08
Францияда 200 мың адам қатысқан шеру өтті
11.09.2025, 10:08