Қазақ – өзбек шекарасында күдікті 1 млн 300 мың доллармен ұсталды
Қазақ – өзбек шекарасында 1 млн 300 мың долларға жуық қаржыны заңсыз алып өтпек болған адам ұсталды. Оқиға Сарыағаш ауданымен шектесетін Науайы бекетінде болған. Қазақстанға қарай беттеген жеңіл көліктің жүксалғышын тексергенде 874 мың АҚШ доллары шыққан. Мұнан соң құқық қорғаушылар жедел түрде оның үйіне тінту жүргізеді. Осы кезде тағы да 399 мың доллар табылды. 47 жастағы тұрғынның сөзінше, бұл қаржыны да болашақта Қазақстанға алып өтуге дайындап қойған. Алдын ала болжамға сай ірі көлемдегі ақша Ташкенттің базарларында сауда жасайтын азаматтарға тиесілі болуы мүмкін. Жедел іздестіру барысында күдіктінің тағы бір сыбайласы анықталды.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17