СҚО-да тасқынға әзірлік пысықталды
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынын бақылау үшін қуатты дрондар қолданылады. Заманауи техника мұз кептелісін, судың бағытын анықтап, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Төтенше жағдай департаменті табиғи апат кезінде жұмыс істейтін техниканың әзірлігін көрсетті.
Мамандар болжамынша Петропавл қаласы мен 3 ауданда тасқын қаупі жоғары. Жалпы облыс бойынша 116 елдімекен бақылауға алынды. Келер аптада құтқарушылар тобы мен қажетті техника қауіпті аймақта тұрған аудандарға аттанады. Былтырғы тасқыннан кейін төтенше жағдай департаментінің техника паркі толықты. Жуырда Қарағанды қаласынан 50 әскери және арнайы техника жеткізіледі.
Дәурен Таубаев, СҚО ТЖД басқармасының бас маманы:
Облысымызда 1900-дан астам жеке құрам мен 1400-ден астам күш-құралдар дайындыққа келтірілді. 16 наурыздан бастап, Уәлиханов, Мүсірепов аудандарына топтар уже жөнелтілетін болады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшыларымыздың жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы көрсетуде
08.09.2025, 18:03

Қарағанды облысында «Табиғатты қорғайық!» атты экологиялық квест өтті
08.09.2025, 18:01
Петропавлдағы Ұлттық Ұлан курсанттары ант берді
08.09.2025, 17:58
Атырау мұнай өңдеу зауытына 80 жыл
08.09.2025, 17:55
БҚО-да «Қарызсыз қоғам» жобасына 17 мыңдай адам қатысқан
08.09.2025, 17:49
Елімізде 102 қызметі ЖИ арқылы жұмыс істеуі мүмкін
08.09.2025, 17:42
Қытайда «Тапа» дауылы соқты
08.09.2025, 17:39
Израильде автобус аялдамасында атыс болды
08.09.2025, 17:37