Басты Жаңалықтар 13 наурыздан бастап жолда қозғалыс шектелуі мүмкін

13 наурыздан бастап жолда қозғалыс шектелуі мүмкін

Бүгіннен бастап жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін. Қорғаныс министрлігінің ақпаратынша, 13 наурыздан бастап Қазақстанда жеке құрам мен әскери техника тасымалданбақ. Бұл - Жеңістің 80 жылдығына арналған Астанада өтетін әскери парадқа дайындық шараларымен байланысты.

Осы ретте, еліміздің кейбір аймағында жолдың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысы уақытша шектелмек. Сондай-ақ 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның ұшу жаттығулары жүргізіледі. Сол себепті Астана аспанын пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер қойылады.

Динара Жарқынбек

Бөлісу