Астанада үш қабатты ғимараттан өрт шықты
Астанадағы Байқоңыр ауданында жалпы аумағы 1 300 шаршы метр болатын үш қабатты ғимараттан өрт шықты. Нысанның 300 шаршы метрі жанып кеткен. Өрттің неден шыққаны белгісіз.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тілсіз жау үшінші қабатта тұтанған. Алдымен сөрелер мен төбе жанып, қызыл жалын 2-ші қабаттағы баспалдаққа дейін жеткен. Өртті сөндіру үшін 3 жауынгерлік учаске құрылып, 19 техника мен 90 адам жұмылдырылған. Тілсіз жау толығымен өшірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшыларымыздың жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы көрсетуде
08.09.2025, 18:03

Қарағанды облысында «Табиғатты қорғайық!» атты экологиялық квест өтті
08.09.2025, 18:01
Петропавлдағы Ұлттық Ұлан курсанттары ант берді
08.09.2025, 17:58
Атырау мұнай өңдеу зауытына 80 жыл
08.09.2025, 17:55
БҚО-да «Қарызсыз қоғам» жобасына 17 мыңдай адам қатысқан
08.09.2025, 17:49
Профессор: Геологиялық картаны цифрлық жүйеге ауыстыру маңызды
08.09.2025, 17:45
Елімізде 102 қызметі ЖИ арқылы жұмыс істеуі мүмкін
08.09.2025, 17:42
Қытайда «Тапа» дауылы соқты
08.09.2025, 17:39