Ақтөбелік келіншек он бірінші сәбиін дүниеге әкелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік келіншек он бірінші сәбиін дүниеге әкелді

06.03.2025

Мереке қарсаңында 39 жастағы ақтөбелік Мнаура Мұқтарова он бірінші перзентін дүниеге әкелді. Құдайбергеновтер отбасы осылайша 7 ұл мен 4 қыз тәрбиелейді.

Мнаураның негізгі мамандығы мұғалім. Алайда, ол мектепте жұмыс істеуге үлгермей жатырмын деп әзілдеді. Үйдің тұңғышының жасы он жетіде. Үлкен екі ұлы спортшы, ал қыздары би үйірмесіне барады. Дүние есігін енді ғана ашқан сәбиге аға-апалары Хантөре деген есімді таңдапты. Көпбалалы ана балаларының тәрбиесіне ерекше мән беретінін айтып қалды. Өзі мектептегі ата-аналар комитетінің төрайымы.

Мнаура Мұқтарова, көпбалалы ана:

Абыройлы азамат болып, жауапкершілігі мол болып, әр басқан қадамы нық болса, сосын ата-анасына нұсқан келтірмеу. Беделді азамат болып, мақтан тұтатындай бала болып өссін деймін.

Айсана Құдайберген, сәбидің әпкесі:

Мен енді туған інімнің апасымын. Мен өзім қуаныштымын! Маған негізі бала бағу оңай болып кетті. Кішкентай інімнен бастап барлық баланы бағып келе жатқан – мен.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу