Басты Жаңалықтар Шығыс Қазақстанда 50 өндірістік нысан іске қосылады

Шығыс Қазақстанда 50 өндірістік нысан іске қосылады

Шығыс қазақстандықтар жыл соңына дейін 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл бағытта құны 14 миллиард теңге болатын 8 жоба жүзеге асырылмақ. Президенттің қабылдауында болған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов осылай деп есеп берді.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 18 нысан салынып, 6 медициналық мекемеге күрделі жөндеу жүргізілген. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 5 білім ошағы пайдалануға берілді. Алдағы екі жылда өңірге кемінде 1,5 триллион теңге инвестиция тартылып, 700 мың шаршы метрден астам тұрғын үй және 28 әлеуметтік нысан салу жоспарланған. Президент облыс экономикасын әртараптандыру, қайта өңделген өнім экспортын кеңейту және инвестиция тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Нұрымбет Сақтағанов. Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Былтыр облыс бойынша 46 жаңа өндіріс ашсақ оның ішінеде 10 өндіріс ұлттық Пул жобасы аясында болған. Биыл 85 млрд теңгеге тағы 50 өндірісті іске қосу жоспарлап отырмыз. Облыста өңірлік жобалық кеңсе құрылған. Барлық қалалар мен аудандар бойынша тиісті экономикалық өсу тетіктерінің жоспарлары бекітілген.

Оңғар Алпысбай


Бөлісу