Шымкентте 17 құрылыс компаниясы үлескерлерді заңсыз тартқан
Шымкентте көпқабатты тұрғын үй салып жатқан 17 компанияның құрылысқа үлескерлерді заңсыз тартқаны анықталды. Олар баспаналы болуға ниетті азаматтарға нысан туралы ақпарат таратуда заңдылықты бұзған. Яғни кейбір мәселелерде тұтынушыларға толыққанды, анық ақпарат бермеген, - дейді тексерушілер. Оның қорытындысы әкімшілік сотқа жолданып, нәтижесінде 17 құрылыс компаниясына 18 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы заңсыз салынған 115 нысанды анықтап, оларды 64 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттеді. Мұнан бөлек құрылыс сапасында кемшілік жібергені үшін 36 әкімшілік хаттама толтырылды.
Мейірлан Керімжанов, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы:
Құрылыс салуға лицензиясынан айыру бойынша 2 нысанды лицензиясынан айырғанбыз. 4 мекеменің лицензиясы тоқтататылды. Одан басқа 5 құрылысшыны аттестатық құжатынан айырдық.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22