Ақтөбеде түнде көңіл көтеру орындарында жүрген 13 оқушы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде түнде көңіл көтеру орындарында жүрген 13 оқушы анықталды

03.03.2025

Ақтөбеде түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында жүрген 13 бала анықталды. Кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полицейлер арнайы рейд өткізді.

Бұл шара теміржол вокзалы ауданынан басталды. Полицейлердің сөзінше, ішімдікке әуес тұрғындар осы аумақта көп жүреді. Рейд барысында бала тәрбиесіне көңіл бөлмей, жауапсыздық танытқан ата-аналар да есепке алынады. Жыл басынан бері осындай 457 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал беймезгіл уақытта жасөспірімдер ойын клубтарында көп жүреді. Заң бойынша тәулік бойы қызмет көрсететін орталықтарға балалар кешкі 10-нан кейін тек ата-анасымен немесе заңды өкілімен ғана келе алады. Жыл басталғалы әкімшілік заң талаптарын бұзған 70 жеткіншек пен тұрмыс жағдайы төмен 70 отбасы есепке алынған.

Айдос Құлжанов, ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:

Мұндай жағдайда жасөспірімдердің ата-аналарын әкімшілік жазаға тартып жатырмыз. 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Көңіл көтеру орталықтарының иелеріне де 10 АЕК көлемінде айыппұл саламыз.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу