Басты Жаңалықтар 2 млрд-тан астам бюджет қаржысын жымқырған лауазым иелері қамауға алынды

2 млрд-тан астам бюджет қаржысын жымқырған лауазым иелері қамауға алынды

Сот-сараптама орталығының лауазымды тұлғалары мен мердігер 2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуге алынды. Қаржы мониторинг агенттігінің дерегінше, екі жылға арналған нашақорлыққа қарсы күрес жоспары аясында сот-сараптама органдарын материалдық-техникалық жабдықтауға бюджеттен 10,3 млрд теңге бөлінген. Алайда орталықтың лауазымды тұлғалары мүдделі топпен алдын ала келісіп, жабдықтың құнын үш есеге арттырған. Ал сипаттамаларда тек өздері танитын компаниялар ғана ұсына алатын жабдықтар көрсетілген. Мүлікті тәркілеу мақсатында құны 148 млн теңгеден асатын Алматыдағы 2 жер телімі, Астана қаласындағы пәтер және қымбат автокөліктерге тыйым салынды. Банк есепшоттарындағы 1,6 млрд теңге, 367 мың АҚШ доллары және 366 мың еуро сомасындағы компанияның қаражаты бұғатталды. Күдіктілер 2 айға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Темірлан Нұрсолтан

Бөлісу