Маңғыстау облысында күн райына байланысты барлық жол жабылды
Маңғыстауда боран соғып тұр. Аймақта бірнеше күннен бері толассыз қар жауып, жолда қатынас қиындады. Ақтау халықаралық әуежайы да күн райына байланысты жұмысын уақытша тоқтатқан. Өңірдегі әріптесім Аягөз Оралбайқызы бізбен байланысқа шықты.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Қар әлі жауып тұр, оның үстіне қатты жел соғуда. Соның салдарынан оқтын-оқтын борап тұр. Коммуналдық мекемелер кешелі бері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Ақтауда түстен кейін оқушылар онлайн оқып жатыр. Білім бөлімі мектептер ертең де қашықтан оқитынын хабарлады. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін барлық бағыттағы жол жабылған. Қолайсыз ауа райының салдарынан Ақтау халықаралық әуежайы да жұмысын уақытша тоқтатты. Мамандар ұшу-қону жолағын тазалауға кіріскен. Әуежей кешке дейін жабылды. Ақтаудан әуежайға баратын жолда да қатынас тоқтады.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22