Қазақстанда мәйітті кеспей зерттеу әдісі енгізіледі. Сот-медициналық сараптамаға цифрландырудың осындай мүмкіндіктері қарастырылып отыр. Яғни мүрде компьютерлік сканерлеу арқылы тексеріліп, адам өлімінің негізгі себебі анықталмақ. Бұл жаңашылдық «Виртуалды аутопсия» деп аталады. Бірақ бұл әдіс зорлық-зомбылықтан қайтыс болған адамдарға қолданылмайды. Бүгін бұл жөнінде Үкімет отырысында белгілі болды. Күн тәртібінде әділет органдарын дамыту мен цифрландыру мәселесі қаралып, жауапты министр жоспарларымен бөлісті.
Ерлан Сәрсембаев, Әділет министрі:
«Виртуалды аутопсияны» енгізу жоспарлануда. Бұл мәйітке зерттеулер жүргізу үшін компьютерлік томографияны қолдану. Зерттеу мәйітті кеспей жүргізіледі. Бұл ұлттық және діни дәстүрлермен қайшылықты болдырмауға көмектеседі.
Самал Қабышева
