«Қазақстан» шахтасында болған апатқа кінәлілерге қатысты сот үкімі шықты
Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында болған апатқа кінәлілерге қатысты сот үкімі шықты. Төрт айыпталушы 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың ішінде директор орынбасарының міндетін атқарушы, конвейерлік көлік учаскесінің бастығы және тағы екі жауапты тұлға бар. Сот үкім шығарарда олардың кәмелетке толмаған балаларының бар екенін, бұрын сотталмағанын және жұмыс орнынан оң пікірлер алғанын ескерген.
Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылдың 17 тамызында «Арселор Миттал» компаниясына тиесілі шахтада өрт шықты. Сол сәтте 227 кенші жер астында жұмыс істеген. 5 адам қаза тапты. Тағы 17 адам түрлі дәрежеде жарақат алған еді.
Данияр Әлменов, Шахтинск қалалық сотының судьясы:
Оларға сот үкімімен 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны өтеу қылмыстық атқару жүйесінің ең төменгі жүйесінде белгіленді. Және 3 жыл тау-кен саласында басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшыларымыздың жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы көрсетуде
08.09.2025, 18:03

Қарағанды облысында «Табиғатты қорғайық!» атты экологиялық квест өтті
08.09.2025, 18:01
Петропавлдағы Ұлттық Ұлан курсанттары ант берді
08.09.2025, 17:58
Атырау мұнай өңдеу зауытына 80 жыл
08.09.2025, 17:55
БҚО-да «Қарызсыз қоғам» жобасына 17 мыңдай адам қатысқан
08.09.2025, 17:49
Профессор: Геологиялық картаны цифрлық жүйеге ауыстыру маңызды
08.09.2025, 17:45
Елімізде 102 қызметі ЖИ арқылы жұмыс істеуі мүмкін
08.09.2025, 17:42
Қытайда «Тапа» дауылы соқты
08.09.2025, 17:39