Қарағанды облысындағы индустриялық аймақта 5 ірі кәсіпорын жұмыс істеп тұр
Қарағанды облысы Саран қаласындағы индустриялық аймақта 5 ірі кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Онда 3 мың адам еңбек етеді. Маңызды жобаларға инвесторлар тартқан соң, қалада көлік дөңгелегін шығаратын, тұрмыстық техника мен автобус құрастыратын зауыттар ашылды. Соның арқасында Саран қаласы моноқала санатынан шығып, дербес қала статусын алды. Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мәселесі Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің Саран қаласында өткен көшпелі отырысында талқыланды.
Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Өндіріс басшыларымен кездесіп, заң тарапынан қандай заңдарға көңілімізді бөлуіміз керек екенін нақтыладық. Екінші мәселе, инвестиция тарту үшін қандай жеңілдіктер тізімін айқындау керек. Үшінші мәселе, инфрақұрылымды жақсарту бойынша қаржы тарту сияқты сұрақтар маңызды болып отыр.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшыларымыздың жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы көрсетуде
08.09.2025, 18:03

Қарағанды облысында «Табиғатты қорғайық!» атты экологиялық квест өтті
08.09.2025, 18:01
Петропавлдағы Ұлттық Ұлан курсанттары ант берді
08.09.2025, 17:58
Атырау мұнай өңдеу зауытына 80 жыл
08.09.2025, 17:55
БҚО-да «Қарызсыз қоғам» жобасына 17 мыңдай адам қатысқан
08.09.2025, 17:49
Профессор: Геологиялық картаны цифрлық жүйеге ауыстыру маңызды
08.09.2025, 17:45
Елімізде 102 қызметі ЖИ арқылы жұмыс істеуі мүмкін
08.09.2025, 17:42
Қытайда «Тапа» дауылы соқты
08.09.2025, 17:39