СҚО-да салынған бөгетке халықтың көңілі толмайды
Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл ауылының тұрғындары жергілікті әкімдіктен елдімекеннің іргесінде салынған бөгетті биіктетуді талап етіп отыр.
Былтыр көктемде Бескөл ауылында Есіл өзенінің деңгейі 11 метрге көтеріліп, 14 шақырымға дейін жайылған еді. Үйлерінің шатырына дейін су басқан тұрғындар биіктігі 2 метрдей бөгеттің тасқыннан қорғай алатынына сенбейді.
Қарлығаш Қондыбаева, Бескөл ауылының тұрғыны:
Былтырғыдай келсе, мынау құтқармайды. Күндіз жүремін, сонда қараймын. Мына дамбалардың бәрі кішкентай. Тағы да басып кетсе, не боламыз? Былтырғыдан да жаман болады ғой.
Бұл бөгеттің ұзындығы - 6 шақырым. Қазынадан 500 млн теңгеден астам қаражат жұмсалды. Аудандық әкімдік өкілдері нысанның құрылысы аяқталмағанын айтады. Бөгетті салып бітіру үшін тағы да 2,5 млрд теңге қажет. Қаржы қашан бөлінетіні белгісіз.
Асхат Бәкеев, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары:
Келген судан 50-60 сантимерге биік. Ақша бөлінген кезде тағы 1,5 метрге көтеріледі. Темір-бетон плиталар орнатылады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшыларымыздың жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы көрсетуде
08.09.2025, 18:03

Қарағанды облысында «Табиғатты қорғайық!» атты экологиялық квест өтті
08.09.2025, 18:01
Петропавлдағы Ұлттық Ұлан курсанттары ант берді
08.09.2025, 17:58
Атырау мұнай өңдеу зауытына 80 жыл
08.09.2025, 17:55
БҚО-да «Қарызсыз қоғам» жобасына 17 мыңдай адам қатысқан
08.09.2025, 17:49
Елімізде 102 қызметі ЖИ арқылы жұмыс істеуі мүмкін
08.09.2025, 17:42
Қытайда «Тапа» дауылы соқты
08.09.2025, 17:39
Израильде автобус аялдамасында атыс болды
08.09.2025, 17:37