Ауыл әкімдері Астанада біліктілігін арттырып жатыр
Өңірлерде жергілікті тұрғындар таңдаған әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Сондықтан атқамінерлердің тәжірибесін арттыру маңызды. Осыған орай Астанада жаңадан сайланған ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыру курсы басталды. Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың қатысуымен өткен жиында жобаның негізгі бағыттары айтылды. Соның ішінде бюджетті тиімді пайдалану, коммуналдық меншікті басқару, инвестиция тарту және цифрлық жүйені қолдануға басымдық беріліп отыр. Курс мамыр айының ортасына дейін жалғасады. Бұл аралықта 2 мыңнан астам ауыл әкімін қамту көзделген.
Ерлан Әбіл, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры:
Қанша дегенмен ел басқару, жергілікті жерді басқару арнайы біліктілікті қажет етеді. Сайланған әкімдерге халық сенді. Енді біздің мақсатымыз – сол халық сенген әкімдерге қажетті құзыреттіліктерді және білімді беру.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДохада 1500 қазақстандық бар
10.09.2025, 20:20

Заңғар Нұрланұлы әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына енді
10.09.2025, 18:32
«Барыс» екінші ойында да жеңді
10.09.2025, 18:18
ӘЧ: Кешкі сессияда 7 боксшымыз шығады
10.09.2025, 18:16
Маңғыстау облысында үлгілі ауылдар анықталды
10.09.2025, 18:12
Өзбекстан диқандары қауынды қайта өңдеп, түрлі өнім шығаруда
10.09.2025, 18:04
Алматы облысының Ұйғыр ауданында ҚХА І сессиясы өтті
10.09.2025, 18:00
Түркістан облысында «Келешек мектептері» арқасында орын тапшылығы шешіле бастады
10.09.2025, 17:55