Өзбекстан диқандары қауынды қайта өңдеп, түрлі өнім шығаруда
Өзбекстанда бақша дақылы қауынды қайта өңдеп түрлі өнім шығара бастады. Диқандар тәтті дақылды кептіріп, құрғақ жемістердің қатарында саудаға шығаруда.
Сондай-ақ қауыннан шекер мен бал жасаудың технологиясы өндіріске енгізіліп жатыр. Хиуа қаласында өткен қауын фестивалінде осындай жаңашылдықтар таныстырылды. Бес гектарға жуық аумақта ондаған павильон орнатылып, қауынның жүзден астам түрі қойылған. Мұнда негізінен Хорезм өңірі мен оған іргелес Қарақалпақстанның диқандары өздері баптап өсірген қауындарын алып келген. Фестиваль қонақтары тәтті дақылдан дәм татып, одан жасалатын түрлі өнімдерді тамашалады.
Санжарбек
Садуллаев, Үргеніш университетінің доценті:
Қауынның 100 ден астам сортын ғылыми зерттеп, қайта өңдеу тәсілдерін қарастырып жатырмыз. Ерте және кеш пісетін түрлерінің өз ерекшеліктеріне мән береміз. Дақылды өсіргенде гидрогель полимерін қолдану өндіріске енгізілген. Бұл – суды үнемдеуде таптырмайтын әдіс.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 21:22

Халық пікірі: Әлеуметтік төлемдер шын мұқтаждарға ғана берілуі тиіс
10.09.2025, 21:06
Халық партиясы Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді
10.09.2025, 20:52
ШҚО-да 104 млрд теңгенің 11 жобасы жүзеге асып жатыр
10.09.2025, 20:50
Мемлекеттік кеңесші аналитикалық құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді
10.09.2025, 20:44
Е.Қошанов: Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін де, беделін де арттыра түседі
10.09.2025, 20:42
Абай облысында инвестициялық жобалардың саны үш есеге артты
10.09.2025, 20:42
Мәжілісте ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заң қаралды
10.09.2025, 20:33