Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы мамандандырылған бөлімшелер құрылды
Биылғы жылдың алғашқы айының өзінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 6499 адамнан хабарлама түскен. Ал жыл сайын жалпы хабарлама саны 100 мыңға жуықтайды. Цифрды азайту үшін отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшелер құрылды. Елдің барлық өңірін қамтыған орталықтар саладағы жинақталған жүйелі проблемаларды жоюға жәрдемдеседі. Орталық тек зорлық-зомбылық құрбандарын қорғап қана қоймай, құқық бұзушыларды қайта әлеуметтендірумен айналысады.
Ақмарал Серкебаева, ІІМ отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі басқарма басшысы:
Бөлімшенің ерекшелігі – Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес мұнда барынша көбірек әйел қызметкерлер қызмет етеді. Бұл зардап шегушілердің әйел қызметкерлерге оқиғаның мән-жайын ұялмай ашып айтуына, яғни сенім факторына ықпал етеді. Осы тәсіл дәлелдерді бекітуге, жасалған әрекеттің бәрін нақты, уақтылы және егжей-тегжейлі анықтауға мүмкіндік береді.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22