Халықаралық салалық аккредиттеу – кез келген елде жұмыс істеуге мүмкіндік береді
Елімізде жұмысшы мамандықтарды оқытатын 6 колледж халықаралық салалық аккредиттеуден өткен. Яғни бұл сертификатқа ие болған білім ордаларының дипломы тек Қазақстанда емес, шет елдерде де жұмысқа тұруға мүмкіндік береді. Сондықтан биыл халықаралық салалық стандартқа сай колледждердің қатарын 30-ға жеткізу көзделіп отыр. Осы орайда Астанада өтіп жатқан «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі аясында халықаралық аккредиттелген колледждер өз тәжірибесімен бөлісті. Мәселен Атыраудағы PEC PetroTechnic пен Талдықорған жоғары политехникалық колледждері алғашқылардың бірі болып осы сертификатқа қол жеткізген.
Санжар Тәтібеков, «Talap» АҚ президенті:
Керітартпа ойлардан қорықпауымыз керек. Студенттеріміз сертификатты алып алып, шетелге барып жұмыс істейді деген прициптерден. Біз айтамыз, олар шетелде тәжірибе алмасып, елге келіп экономикаға жәрдемі тиеді. Мысалы машина жасау, IT саласы, энергетика саласы.
Шыңғыс Нұрғожаев, Талдықорған Жоғары политехникалық колледжінің директоры:
Біздің студенттеріміз колледж дипломымен жобалаушы болуға мүмкіндік алатын болса, ал бұл сертификаттың арқасында жобаны басқарушы, яғни құрылыс алаңындағы бүкіл жұмысты меңгеріп, соны ұйымдастырушы ретінде оқып шығып, Қазақстанда ғана емес, шетелдік компанияларда да қызмет етуге мүмкіндік алады.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Непал қалаларындағы тәртіпті әскерилер қадағалап жүр
10.09.2025, 20:29

Әлем елдері Израильдің шабуылын сынға алды
10.09.2025, 20:27
Дохада 1500 қазақстандық бар
10.09.2025, 20:20
Конго Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
10.09.2025, 20:18
Заңғар Нұрланұлы әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына енді
10.09.2025, 18:32
«Барыс» екінші ойында да жеңді
10.09.2025, 18:18
ӘЧ: Кешкі сессияда 7 боксшымыз шығады
10.09.2025, 18:16
Маңғыстау облысында үлгілі ауылдар анықталды
10.09.2025, 18:12