Петропавлда 250 отбасы қаланың басқа ауданына көшіріледі
Петропавлдың Заречный кентінде тұрып жатқан 250 отбасы қаланың басқа ауданына көшіріледі. Жыл соңына дейін елдімекен жабылмақ. Өңірдегі тілшіміз Эльмира Кәленова бізбен байланысқа шықты. Эльмира, мұндай шешім қабылдауға не себеп болып отыр?
Эльмира Кәленова, тілші:
Заречный кенті Петропавл қаласының іргесінде орналасқан. Шағын аудан қала әкімдігінің қарамағында. 2017 жылы көктемгі тасқын кезінде үйлердің көп бөлігін су басып қалған еді. Ал былтыр 440 баспананың барлығы су астында қалды. 200-ге жуық үй жөндеуге жарамсыз деп танылды. Заречный Есіл өзенінің жағасында тұрғандықтан жағдай тағы да қайталануы мүмкін.
Сондықтан билік өкілдері тұрғындарды басқа жаққа көшіріп, шағын ауданды жабу керек деп отыр.
- Эльмира, тұрғындар баспанамен қамтыла ма?
Эльмира Кәленова, тілші:
Мамандардың айтуынша, Заречный тұрғындарына жаңадан салынып жатқан үйлерден пәтер беріледі. Бас тартқандар ақшасын ала алады. Заречный кентінде мектеп пен түзету колониясы бар. Балалар жаңадан салынып жатқан «Жайлы мектепте» білім алатын болады. Ал түзету мекемесін салуға басқа жер таңдалды.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22