Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі ашылды
Бүгін Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі ашылды. Қала үлгісінде ұйымдастырылған шара келушілерге иммерсивті формат ұсынып отыр. Яғни әрбір қонақ интерактивті платформалардың көмегімен түрлі кәсіптерді сынап көре алады. Осылайша мамандықтың ерекшелігін көріп, біледі.
Еділ Оспан, Оқу-ағарту министрінің орынбасары:
Фестивальдегі экономиканың барлық бағытын қамтуға тырыстық. Оның ішінде 8 көшеміз бар. Әр көшеде нақты мамандықтарға бағытталған үйлер бар. Кез келген қатысушы біздің үйлерге келіп, жұмысшы мамандардың істейтін жұмыс процесімен тікелей өзі қатысып істей алады. Яғни өндіріс процесіне өзі қатыса алады.
Ерғали Әуелхан, Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ геология және мұнай-газ институтының директоры:
Жас оқушыларға VR технологиямен рудниктер мен кен орындарында қалай жұмыс істеуге болады, яғни рудниктің цифрлы көшірмесін осы жерде VR көзілдірік арқылы көріп, сол жерде қандай жұмыстар істеуге болатынын таныстырып отырмыз. Қазіргі жастар жаңа технологияға, әсіресе цифрлы технологияға өте бейім. Олар біз ұсынған VR көзілдірікті бірден меңгеріп кетіп, еркін пайдаланып жатыр.
Фестиваль болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара байланыс алаңына айналмақ. 5 күн ішінде мамандықтар қаласында түрлі семинар мен шеберлік сыныбы, хакатон, мамандықтар шеруі, жұмыс жәрмеңкесі, концерттер және стартаптардың тұсаукесері өтеді.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22