Елімізде бала туған, асырап алған немесе нәрестеге қорғаншылық рәсімдеген аналарға 4 түрлі төлем беріледі. Оның екеуі мемлекеттік жәрдемақы, қалған екеуі әлеуметтік төлем.
Алғашқысы бала туғандағы біржолғы жәрдемақы. Биыл айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты жәрдемақы өсті. Бірінші, екінші және үшінші балаға 149 мың 500 шамасында, төртінші және одан көп балаға 248 мың теңгеге жуықтайды.
Ал, жұмыс істемейтін аналарға бала 1,5 жасқа толғанға дейін ай сайын 5,76 АЕК-тен 8,9 АЕК-ке дейін жәрдемақы беріледі. Жұмыс істейтін әйелдер жүктілігіне, босануына немесе жаңа туған баланы асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайда жұмыс берушіден соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына байланысты төлем талап ете алады. Ал, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы аналар бала 1,5 жасқа толғанға дейін соңғы 2 жылдағы орташа айлық табысының 40%-ы мөлшерінде әлеуметтік төлем алады.
Аналарға төленетін жәрдемақы түрлері:
4 түрлі төлем түрі бар:
2 мемлекеттік
2 әлеуметтік
Туған балаға берілетін біржолғы жәрдемақы:
1, 2, 3 балаға - 149 416 теңге (38 АЕК )
Төртінші және одан көп балаға - 247 716 теңге (63 АЕК)
Жұмыс істемейтін аналарға:
Бала 1,5 жасқа толғанға дейін – 22 648,32 теңге (5,76 АЕК) - 34 994,8 теңге «8,9 АЕК)
Жұмыс істейтін аналарға:
12 айдағы орташа айлық
МӘМС жүйесіне қатысушы аналар:
Бала 1,5 жасқа толғанға дейін - соңғы 2 жылдағы айлық табысының 40%.
Серік Жұмабек
