Түркі дүниесіне ортақ мәдениет пен тарих тағы бірнеше тың туындымен толықты. Бүгін белгілі қоғам қайраткері, сенатор, академик Дархан Қыдырәлінің «Тасқа жазылған тарих» атты кітабының тұсауы кесілді. Кітап әзербайжан, түрік және қырғыз тілдерінде жарық көрген. Сондай-ақ, автордың орыс тілінде және түрік тілінде жарыққа шыққан екі деректі-ғұмырнамалық кітабы да, көпшілікке таныстырылды. Жиналғандар жаңа еңбектер, түбі бір түркі жұртының тарихын қазіргі заман тұрғысынан зерделеп, тұғырлы тұлғаларымызды жан-жақты тануға жол ашатын ғылыми жаңалығымен ерекшеленеді деді.
Ақтоты Райымқұлова, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті:
Осы кітапты оқығанда біздің түркі мәдениетіміздің, тарихымыздың қандай сабақтастығы бар екенін және көпғасырлық тарихымыздың бірегей екенін көреді. Дархан Қуандықұлының кітабы осы үлкен жолда ең бір тамаша еңбек деп ойлаймын. Өзінің тілі жеңіл, көпшілік халыққа түсінікті. Сонымен қатар, ғалымдар, докторанттар, магистранттар осы кәтаптардан көптеген деректерді ала алады.
«Тасқа жазылған тарих» кітабын әзербайжан тіліне аударған белгілі журналист Аида Гейтюрктің сөзінше, кітапта түркі әлемінің көптеген құпиялары ашылады. Туынды түркологиядағы алуан тақырыпты арқау еткендігімен ерекшеленеді.
Аида Гейтюрк, журналист, аудармашы:
Түркі мәдениеті және мұрасы қоры академик Дархан Қыдырәлінің керемет кітабын басып шығарды. Бұл өте ауқымды жұмыс. Мен мұны «Түркі әлеміндегі ұлы оқиға» дер едім. Бүкіл түркі әлемін құттықтаймын! Сондай-ақ мен «Тасқа жазылған тарих» кітабын аударғаныма өте қуаныштымын. Бұл кітап түрік әлемінің көптеген құпияларын ашады.
Серік Жұмабек
