Заңсыз актив: 900 млрд теңгеден астам қаржы мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңсыз актив: 900 млрд теңгеден астам қаржы мемлекетке қайтарылды

06.02.2025

900 млрд теңгеден астам заңсыз актив мемлекетке қайтарылды. Қомақты қаражат қоғам игілігіне жұмсалуда. Осы мақсатта әлеуметтік заманауи нысандар салынып жатыр. Олардың қатарында 4 мектеп бар. Оның біреуі музыкалық мектеп. 2 спорт кешені, көпсалалы аурухана, жатақхана және 2 балабақша бар. Бұл әлеуметтік нысандардың құрылысына 55 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Заманауи мектептің бірі Жетісу облысының Рудничный ауылында бой көтереді. 200 орындық нысан құрылысына 2,6 млрд теңге қаржы бөлінді. Президент тапсырмасын орындау мақсатында қайтарылған активтер есебінен Ақтауда шұғыл медициналық жәрдем станциясы салынады. Бұл мақсатқа Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 4,6 млрд теңге бөлді. Ақтауда 200 мыңға жуық адам тұрады. Аймақ бала туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Жаңа жедел жәрдем станциясының құрылысы халықты қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жемқорлардан алынған ақша, осы білім қорына аударылған ақша, бүгінгі жақсы мектептер «Жайлы мектеп» дейтін бағдарлама осы активтердің арқасы. Жақында Алматы қаласында болдық. 3 жайлы мектепті қарап шықтық. Ғаламат жаңа мектеп. Жаңа форматтағы мектеп. Ішінде коворкингі бар, техникалық басқа да мүмкіндіктері бар, 2-3 спорт залы бар, балалардың қауіпсіздігі бар. Жаңа мүмкіндіктердің бәрі әлемдік, ең үздік нәрселер жасалып жатыр.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу