Басты Жаңалықтар Азиада-2025: Хоккейшілер Қытай құрамасын жеңді

Азиада-2025: Хоккейшілер Қытай құрамасын жеңді

Хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасының ерлер құрамасы Қытай хоккейшілерін айқын басымдықпен жеңді. Ойын оңай болған жоқ. Жігіттерге төрешілер тарапынан да қысым да болды. Жалпы жарыс күні қалай өтті? Сарықұрлық бәсекесі басталған Харбинде атмосфера қалай? Толығырақ Қытайда жүрген әріптесім Асылбек Данияр айтады.

Асылбек Данияр, тілші:

Біз 10 миллионнан аса тұрғыны бар, Қытайдың әйгілі мұз қаласы - Харбиндеміз. Тайпинг әуежайына келіп жатқан адам көп. Арасында Азиада қатысушылары мен ойындарды көруге келген жанкүйерлер де бар.

Жалпы, Қытай сарықұрлық бәсекесін үшінші рет қабылдауда. Ал, Харбин жарыстарды өткізуге ыңғайлы қала ретінде екінші рет таңдалды. Алғашқысы 29 жыл бұрын болған. Бұл- тәуелсіз Қазақстан қатысқан бірінші Азиада еді.

Асылбек Данияр, тілші:

Ерлер құрамасы екінші ойында жарыс қожайыны Қытай командасына 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Олег Болякиннің шәкірттері кеше Таиландықтарды жеңген еді. Енді келесі ойынды Қытай Тайпэйіне қарсы өткізеді.

Әйелдер құрамасы Гонконгты 12:0, Таиланды 9:0 жеңген еді.

Ертең үшінші кездесуін Қытай Тайпэйі құрамасына қарсы ойнайды.Сондай-ақ бүгін, керлингтен аралас командалық сында ұлттық құрама спортшылары алғашқы ұпайларын иемденді. Атлеттер Қатар құрамасын жеңді. Ертең Қырғызстан және Филипинмен бақ сынайды.

Асылбек Данияр


Бөлісу