Ахмед әш-Шараа Сирияның уақытша президенті болып жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ахмед әш-Шараа Сирияның уақытша президенті болып жарияланды

30.01.2025

Сирияның іс жүзіндегі лидері және «Хайят Тахрир әш-Шам» тобының жетекшісі Ахмед әш-Шараа елдің өтпелі кезеңдегі президенті болып жарияланды. Мұны Араб Республикасының мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады. Әш-Шараа бастаған көтерілісшілер желтоқсанның басында шабуылға кірісіп, Башар Асад режимін құлатты. Содан кейін бұрынғы дала командирі Сирияның жаңа үкіметінен өкілеттілік алды. Әш-Шараа Сириядағы жағдайды ауған тәліптерімен салыстырмауға шақырды. Сонымен қатар ол әйелдер құқығын таптамауға, білімді баршаға қолжетімді етуге және исламшыл топтарды қарусыздандыруға уәде беріп отыр. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу