Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне 5 млн теңге беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне 5 млн теңге беріледі

24.01.2025

Еңбек министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 120 соғыс ардагері, сондай-ақ жеңіске үлес қосқан 42 545 азамат тұрады. Оның ішінде: қоршаудағы Ленинград тұрғындары, концлагерьдің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары, соғыс кезінде жараланған, контузия, зақымдану немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайлары, соғыста қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері және тыл еңбеккерлері бар. Айта кетейік, биыл Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай әскери шеру өтеді.

Жеңіске үлес қосқан - 42 545 азамат

Қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 67 адам

Концлагерьдің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 139 адам

Соғыс кезінде жараланған, контузия, зақымдану немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайлары – 743 адам

Соғыста қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері – 2 адам

Тыл еңбеккерлері – 41 594 адам

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу