Шымкентте ауаны шектен тыс ластаған 7 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды
Шымкентте зиянды қалдықтар шығарып, ауаны шектен тыс ластаған 7 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ, экология талаптарын бұзған 38 өндіріс орнына 284 миллион теңге айыппұл салынды. Тексеріс барысында олардың мұржаларға тазалау қондырғыларын орнатпағаны, зиянды қалдықты шекті мөлшерден асырып жібергені және экология департаментінен рұқсат алмағаны белгілі болған.
Мегаполистегі ең ірі 4 кәсіпорын: цемент шығаратын екі өндіріс орны, Шымкент мұнай өңдеу зауыты мен жылу энергоорталығы жылына ауаға 500 тоннаға дейін улы қалдықтар таратады. Сондықтан оларға автоматты түрде мониторинг жасайтын жүйе орнату міндеттеліп отыр.
Сабырбек Балыбек, Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары:
Экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген 7 кәсіпорынның сот арқылы жұмысы уақытша тоқтатылған. Яғни тексеру барысында қосымша ластау көздерін рәсімдемеген немесе тазалау қондырғысын орнатпаған. Осы заңбұзушылық үшін сотқа талап арыз жолдадық.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22