Норвегия қысқы спорт түрлерінен қалайша үздік?
Норвегияда спортқа қаржы аз бөлінеді. Бірақ бұл саладағы жетістіктері жетерлік. Бір ғана мысал, биыл спорт конфедерациясына 88 миллион доллар бөлінбек.
Ал жетістіктеріне тоқталсақ, Норвегия 2022 жылы Бейжіңде өткен Қысқы Олимпиада ойындарында 16 алтын алып, медаль кестесінде көшбасшы болған. Одан 4 жыл бұрын Пхёнчханда да үздік атанды. Спортшылар ел қоржынына 39 медаль салып, рекорд орнатты. Норвегияда балалар спортына ерекше көңіл бөлінеді. Елде 10 мыңнан астам спорт клубы жұмыс істейді. 2018 жылы балалардың 93 пайызы қысқы спортпен тұрақты түрде айналысқан. Қызығы, жеткіншектерге ұпай беріп, оларды жарыстырмайды. Спорт ойындары, ең алдымен балаға қуаныш сыйлауы керек деп есептейді. Өсе келе олардан кәсіби спортшы дайындайды. Сондай-ақ елде спортқа қатысты ғылыми зерттеулер жүргізіліп, жаттықтырушылармен талданады. Бұның бәрі Норвегияның қысқы спорт түрлеріндегі жетістіктеріне бірден-бір себеп.
Темірлан Нұрсолтанов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
