Өңірлік IT-хабтарды қолдауға басымдық беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлік IT-хабтарды қолдауға басымдық беріледі

21.01.2025

Премьер-министр отандық ІТ-саланың мамандарына насихат артады. Премьер-министр жасанды интеллектке бағытталған креативті жобаларды кеңінен насихаттауды тапсырды. Өңірлік ІТ-хабтарды қолдауға да, басымдық беріледі. Жауапты министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірдесіп IT-хабтарды қолдау жөніндегі жол картасын әзірлеуі тиіс. Әкімдіктерге қаржыландыру мәселесін жедел шешу міндеті қойылды. Еске салайық, Мемлекет басшысы 2026 жылға қарай IT-экспортының жалпы көлемін $1 млрд-қа дәйін жеткізу міндетін қойды. Іске асыру үшін тиісті инфрақұрылым құру және осы саладағы бизнесті қолдау бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл соңғы 5 жылда қазақстандық IT-қызметер экспортының көлемін 20 есеге арттыруға мүмкіндік берді.

Жаслан Мәдиев, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Қазақстанның IT-экспортын ілгерлетуде Astana Hub басты рөл атқарады. Astana Hub резиденттерінің саны 1,5 мың компаниядан асты. Оның ішінде 400-і халықаралық.Олардың жалпы кірісі 2024 жылы 620 млрд теңгені құрады. Бұл ретте экспорттан түскен табыс 227 млрд теңгені яғни, 479 млн долларды құрады.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу