Beta ұрпақ. Ұрпақтарды жіктеу теориясы қайдан шықты? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Beta ұрпақ. Ұрпақтарды жіктеу теориясы қайдан шықты?

19.01.2025

Жамбыл облысында кәмелет жасқа толмаған баланы ұрып өлтірген үш жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты. Оқиға Жамбыл облысы Байзақ ауданы Құмжота ауылында былтыр болған.

Біз де материал бергенбіз. Сотталған балалар мектеп әжетханасында 8-сынып оқушыларын жинап, ұрып-соққан. Кеуде тұсынан соққы алған бір бала сол жерде көз жұмған.

Сот үш күдіктіге байланысты істі қарап, үкім шығарды. Үш күдіктінің біреуінің 1 жылға бас бостандығы шектелді. Қалған екі жасөспірім 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленуші тарап сотталған екі жасөспірімнің отбасынан өтемақы талап етіп, олардың біреуі 6 млн, біреуі 5 млн теңге төлеуге міндеттелді.

Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады. Балаға қарау керек. Жыл басынан бері есірткі қылмыстары үшін 6 жасөспірім ұсталды. Астанада 16 жастағы екі студент ұсталып, біреуінен аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді.

Қарағанды облысында 9-10 сыныпта оқитын екі жасөспірім есірткі тарататын Telegram-арнаға сілтемесі бар жапсырмаларды жапсырумен айналысқан. Былтыр есірткі айналымына қатысы бар кәмелетке толмаған 61 жасөспірім анықталды.

Биыл бета ұрпақ дүние келіп бастайды. Америкалық әлеуметтанушы және футуролог Марк Маккриндл пікірінше, цифрлық құрылғылар бета балалардың тұрмыс-тіршілігінің айырылмас бөлшегі болады.

Олар үшін дәстүрлі өмір сүру құндылықтары қасиетті саналмауы мүмкін. Осы, ұрпақтарды жіктеу теориясы қайдан шықты? Бұл не үшін керек? 3. Бізде ұрпақты зерттеу жүре ме? Үшінші сұрақты әлеуметтану, қоғамтану деп өзгертсе де болады.

Былай қарасаң, статитистика бар. Жарайды, редакцияланып жарияланады дегеннің өзінде өкіметтің өзінде нақты ақпарат бар емес пе?! Екіншіден, субьективті, бірақ әлеуметтік желілер де қоғам тынысынан хабар береді.

Мұны айтып тұрғанымыз, мемлекетті дамыту әуелі қоғамды зерделеуден басталуы қажет деп ойлаймыз. Әрі-беріден соң бұл бірінші кезекте өкімет үшін керек. Жә, қазіргі ұрпаққа оралайық.

«Біздің кезімізде» деген әңгімені ұмыту қажет. Нақыл да, ақыл да жүрмейді. Амангелді Сейітхан сараптайды.


Хабарламаларға жазылу