Басты Жаңалықтар Ақмола облысында 93 отбасы баспаналы болды

Ақмола облысында 93 отбасы баспаналы болды

Бүгін Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласында 93 отбасыға пәтер кілті табысталды. Баспаналы болғандардың қатарында көпбалалы аналар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жетім балалар, жалғызбасты ата-аналар мен толық емес отбасылар бар. Бұл үйлер 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту концепциясы аясында сатып алынған.

Қаракөз Боранбай, Ақмола облысының тұрғыны:

Өте қуаныштымын. Баспаналы болып жатырмын. Жалғызбасты анамын өзім. 2021-ден бастап кезекте тұрдым. Мен Лесная Полянада осы уақытқа дейін 25 жыл квартирада тұрып келе жатырмын. Жаңа кілтті алғанда екі қолым дірілдеп кетті. Өте қуаныштымын, барлығына ризамын.

Темірлан Нұрсолтан

Бөлісу